Қырғызстан қант экспортына уақытша тыйым салды

Фото: None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Қырғызстанның Министрлер Кабинеті ел аумағынан қантты алты ай мерзімге әкетуге (экспорттауға) уақытша тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті шешім Қырғыз Республиикасы Министрлер Кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Агенттік хабарлағандай, қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.


Соңғы жаңалықтар