Қырғызстан ІІМ Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлады

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп еріксіз келтіру бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды», - делінген хабарламада.

ІІМ-де атап өткендей, тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен.

ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар