Қырғызстан COVID-19 вакцинасын алған туристерді қабылдауға дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдыртқан шетелдік туристерді қабылдауға дайын. Бұл туралы Кабар агенттігінде өткен баспасөз конференциясы кезінде Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Туризм департаменті директорының орынбасары Қыял Кенжематова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен жылы Қырғызстан әлемдегі коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты туризм саласында үлкен шығынға ұшыраған.

«Бүгінде Қырғызстан Республикасында туристік маусымның басталуымен бірге коронавирус пандемиясынан кейін елде туризм секторын дамыту алгоритмі құрылды, онда қолдарында COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдыртқан шетелдік туристердің Қырғызстанға келе алатыны жазылған», - деді ол.

Ол сондай-ақ алгоритм шетелдік туристердің санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауын қарастыратынын атап өтті.

«Қазіргі кезде алгоритм Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарауында», - деп қосып өтті Қ.Кенжематова.

Қазіргі кезде Қырғызстанның әуе қатынасы әлемнің барлық елдерімен ашық екені атап өтіледі. Алайда құрлықтағы жолмен Қырғызстанға 33 елдің азаматы ғана кіре алады.


Соңғы жаңалықтар