Қырғызстан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2027-2028 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ел президенті Сооронбай Жээнбеков 25 қыркүйек күні Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясында айтты, деп жазады Кабар агенттігі.

Атап өтілгендей, Қырғызстан өз кандидатурасын БҰҰ мен әлемнің назарын шағын мемлекеттер мәселелеріне аударту мақсатында ұсынды.

С. Жээнбеков қазіргі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге жауап беретін  түбегейлі жаңа халықаралық тетіктерді қалыптастыру қажеттігін еске салды. Ұйым өзгерістерді қажет етеді және бұл уақыттың, қазіргі өмірдің талаптары.

«Бұл реформа әмбебаптық және географиялық кең қамтылу принциптеріне  негізделіп, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің кең қолдауына ие болуы тиіс. Қырғызстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ортақ ісіне сүбелі үлесін қосуға ұмтылып келеді», - деді С. Жээнбеков.

 

Соңғы жаңалықтар