Қырғызстан білім министрі алған $110 мың парасының 37 мың долларын қайтарды

None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиевке қатысты ірі көлемде пара бопсалау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы елдің ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында министрдің шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдағаны үшін ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Ол атқарушы билік органдарының нормативтік құқықтық актілерін қабылдағаннан кейін жоғары оқу орнына қабылдау мәселесін шешуге уәде берген.

Қажетті қаулыны дайындау үшін ол осы мәселенің бәрін шешуге 100 000 доллар көлемінде ақша талап еткен.

Тергеу барысында ол жоғарыда аталған соманы бірінші рет осы жылдың 28 тамызында алғаны анықталды.

Осыдан кейін біраз уақыттан соң мәселе әлі түпкілікті шешілмегендіктен оған қайтадан жүгінген.

Бұл жолы министр пара ретінде қосымша 10 мың доллар көлемінде ақша бопсалаған.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте оны ІІМ қызметкерлері 10 мың доллар алу кезінде ұстады.

Одан әрі тергеу барысында А.Бейшенәлиев шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдағаны үшін аса ірі мөлшерде – 110 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталды.

Тергеу кезінде ол бұрын пара түрінде алған 37 мың 500 АҚШ долларын қайтарды. Қалған соманы жақын арада қайтаруға уәде берді.

Бұл факті бойынша толық және объективті тергеу жүргізіледі. Ұсталған адамға қатысты Первомайский аудандық сотының қаулысымен МҰҚК тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.


Фото: kabar.kg



Соңғы жаңалықтар