Қырғызстан: Базарда ұйықтап жатқан суреті жарияланған үш жасар баланың отбасына пәтер берілетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алмазбек Атамбаев кеше үш жасар Ысқақ Үсеновтің отбасына пәтер сыйлау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтында хабарланды.

Еске сала кетейік, Кара-Cуу қаласы базарында контейнер түбінде ұйықтап жатқан үш жасар баланың суретін көптеген интернет басылымдар жарыса жариялаған болатын. Осы оқиғадан кейін ел президенті баланы тауып, оның отбасына жәрдем беру туралы тапсырма берген еді. Бұл міндетті Қырғыз Республикасы Президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мен Үкіметтің Ош облысындағы уәкілетті өкілі Таалайбек Сарыбашевқа жүктеген. 

Соңғы жаңалықтар