Қырғызстан азаматы өз отандастарын Мәскеуде көлігімен қақты - БАҚ

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудің Новочеркасск бульварында автомобиль бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кем дегенде бір адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Оқиға Новочеркасск бульварындағы 37-үйдің маңында болды. Тоғыз адам зардап шегіп, бір адам жедел жәрдем машинасында көз жұмды», - деп мәлімдеді қаланың жедел қызметтері.

Мәскеу жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы жол апаты фактісін растады. «Новочеркасск бульварында жүргізуші көлікке ие бола алмай, бір топ адамды қағып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - дейді полицейлер. Олардың айтуынша, Volkswagen жүргізушісі қашып кетпей, оқиға орнында болған.

Ал РФ ІІМ Мәскеу басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, жүргізуші мұны әдейі істеген. Бұған дәмханадағы жанжал себеп болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Новочеркасск бульварындағы дәмханада бірнеше адам өзара жанжалдасқан. Олардың бірі көшеге шығып, машинасына мінген. Және қалған адамдардың ғимараттан шығуын күтіп отырған. Шыққан соң, көлікті тура солардың үстіне айдаған», - дейді полицейлер.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға қатысушыларының барлығы Қырғызстан азаматтары.

Фото: Артем Геодакян/ТАСС

Соңғы жаңалықтар