Қырғызстан азаматшасы Малайзияда құлаған тікұшақ ұшқышының көмекшісі болған

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Куала-Лумпур қаласының маңында ішінде қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджваның тойынан келе жатқан VIP-қонақтар отырған апатқа ұшыраған тікұшақтың екінші жүргізушісі Қырғызстан азаматшасы Айдана Байзиева болды.

Қырғызстан СІМ салдарынан арасында Малайзия премьері кеңсесінің басшысы Азлин Алиас, Малайзияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі, депутат Джамалуддин Джарджис, бизнесмен Роберт Тан, экипаждың екі мүшесі мен Джарджистің оққағары болған барлығы 6 адам қаза тапқан әуе апатының болағаны туралы фактіні ресми түрде растады.

Қырғызстан Елшісінің Малайзиядағы кеңесшісі Ұлан Жүсіповтың айтуынша, қаза тапқан А.Байзиеваның апасы оның мүрдесін тану үшін Малайзияға келді. «Бізде А.Базиеваның Елшілікте тіркелмеуі себебінен оның Малайзияда болуына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет жоқ. Бұдан толығырақ ақпаратты мүрдені танудан кейін ғана бере аламын», - деп хабарлады Ұ.Жүсіпов. Малайзияның «Cempaka Aviation sdn» компаниясының тікұшағы Куантаннан (Паханг штаты) Субангқа (Селангор штаты) ұшқаны атап өтіледі. Апат куәгерлерінің ақпаратынша, тікұшақ жерден алыс емес биікткте, нөсер кезінде каучук плантациясының үстінен ұшып бара жатқан кезінде жарылып, одан кейін орманға құлаған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтерінше, қаза тапқандардың барлығы бірден көз жұмған. Қаза тапқан барлық адамдардың мүрделері табылып, Куала-Лумпур ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Тікұшақтың қара жәшіктері келесі күні апат орнынан табылып, енді ондағы жазбалар оқу үшін Ұлыбританияға жіберілмек. Малайзия премьер-министрінің тапсыруымен апаттың барлық жағдайларын тергеу бойынша арнай комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар