Қырғызстан астанасының мэрі ұсталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек мэрі Албек Ибаримов ұсталды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, А. Ибраимов 19 шілде күні ұсталып, МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына жеткізілген.

А. Ибраимов өзінің қатысуымен тергеу амалдарын жүргізу үшін бірнеше рет шақырылған. Бірақ ол тергеушінің шақыруын елемей, егер МҰҚК ұстамақ болса, қарулы қарсылық көрсететінін айтқан.

Осы күндері Қырғызстанның МҰҚК Бас тергеу басқармасы бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр. Тергеу барысында А. Ибраимовтің оларға қатысы бары туралы нақты мәліметтер анықталған.

Еске сала кетейік, 13 шілде күні Бішкек қалалық кенеш депутаттары қала мэрі Албек Ибраимовке сенімсіздік вотумын білдіріп, отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар