Қырғызстан 2023-2025 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бір күн бұрын БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қырғыз Республикасы БҰҰ-ның 2023-2025 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне дауыс беру арқылы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдің сыртқы саяси ведомствосы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстанды сайлауда БҰҰ-ға мүше 126 мемлекет қолдады. Азия-Тынық мұхиты аймағынан төрт орын үшін күреске алты мемлекет қатысты - Қырғыз Республикасы, Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Мальдив аралдары және Корея Республикасы.

«Қырғыз Республикасының беделді халықаралық органға кезекті сайлануы әлемдік қоғамдастықтың еліміздің адам құқықтары жетістіктерін және адам құқықтары бойынша демократиялық дамуды қорғау мен ілгерілетудің жаһандық науқанына қосқан болашақтағы үлесін мойындауы болып табылады», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Бұған дейін Қырғызстан екі рет 2009-2012 және 2016-2018 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болған. Кеңес мүшелері үш жыл қызмет етеді. Кеңеске мүшелік адам құқықтары саласындағы жоғары стандарттарды сақтау үшін жауапкершілікті қамтиды.

Гүлмира Әбдірахманова


Фото: nazarnews.org



Соңғы жаңалықтар