Қырғызстан 1 мамырдан бастап шекарада ПТР тест пен вакцина паспортын талап етпейді

Фото: None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес және оның салдарын жою жөніндегі жедел штаб осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Оның қорытындысы бойынша 2022 жылғы 1 мамырдан бастап елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін қырғыз және шетел азаматтарынан ПТР тест пен вакцина паспорты талап етілмейді.

Бұдан басқа, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің алдағы отырысында Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 93-ө өкімінің (Төтенше жағдай режимін енгізу туралы) күші жойылды деп тануды көздейтін шешім жобасы енгізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар