Қырғыздар ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салуды қарастыруда

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қырғыз ұлтының ақ қалпағына нұқсан келтіргендерге айыппұл салу қарастырылуда. Жогорку Кенеш депутаттары қазір осындай талаптарды қарастыратын заң жобасын халық талқысына ұсынып отыр, деп хабарлайды Қырғызстанның «Кабар» агенттігі.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2018 жылдың 30 қазанында қоғамдық талқылауға ҚР «Заң бұзушылықтар туралы» Кодексіне енгізілетін өзгерістер ұсынылмақ.

Бұған Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Экмат Байпакпаев бастамашы болған.

Заңды түсіндіру анықтамасында құжаттың «Ұлттық бас киім Ақ қалпаққа мәдениет символы мәртебесін беру туралы» заң жобасын дайындау барысында қолға алынғаны айтылады. Аталмыш құжат талаптарына сәйкес, ендігәрі қырғыздардың ақ қалпағын қорлағандарға арнайы заң нормасына сәйкес айыппұл салынады.

«Ұлттық бас киім Ақ қалпаққа мәдениет символы мәртебесін беру туралы» заң жобасы қырғыз халқының ұлттық мұрасының маңызды элементтерінің бірі - ақ қалпақтың имиджін оңалтуға, оны қорғаудың құқықтық базасын бекітуге, дамыту мен қолдауға, насихаттауға бағытталған.

Заң жобасы сонымен қатар Қырғыз Республикасы мен Қырғызстан халқын олардың тарихи мұрасы мен ақ қалпақты киіп жүру мәдениеті арқылы барынша танытуға бағытталған.

Заң жобасына Қырғызстанның Заңбұзушылықтар туралы кодексіне 65,2 бабы енгізіледі. Оған сәйкес, ақ қалпақты қорлағандарға 1 дәрежеде (жеке тұлғалар үшін 10 есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға 50 есептік көрсеткіш) айыппұл салынады.

Аталмыш заң талаптарының бұзылуын анықтау жергілікті өзін-өзі атқарушы органдардың құзырына беріледі. Заң жобасы Қырғызстан Конституциясының нормаларына сәйкес келеді және оның құқықтық, гендерлік, экологиялық, экономикалық, сыбайлас жемқорлық бағыттары бойынша ешқандай салдары болмайды.

Соңғы жаңалықтар