Қырғыз вице-премьері Жұмақадыров жол апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасы премьер-министрінің орынбасары Темір Жұмақадыров Талас облысында болған жол апатында мерт болды. 

Бұл жайлы Қырғызстанды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, елдің рухани және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру кезінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Кабар.

Онымен бірге көмекшісі Нұрлан Жамгырчиев пен жүргізуші де ажал құшты.

Қайғылы оқиға Бішкек-Қара Балта автожолының 36 шақырымында, Садовое ауылының маңайында болған. Вице-премьер мінген жол талғамайтын көлік тіркемесі бар КамАЗ-бен соқтығысқан, жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар