Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақтала бастады

None
None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тоқтап, жағдай тұрақтала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Атыс болған учаскедегі шекаралық бөлімшелер күшейтілген қызмет режиміне көшірілген.

Исфара – Ворух автожолындағы қозғалыс тоқтатылған.

«Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, жергілікті билік органдарының өкілдері оқыс оқиғаны тоқтатып, оның одан әрі өршуіне жол бермеу шараларын қарастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара учаскесінде қарулы қақтығыс болған еді.

Жанжалға Ворух (Тәжікстан Республикасы) ауылындағы тұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагшток орнатуы себеп болды. Ақсай (Қырғыз Республикасы) ауылының тұрғындары бұл әрекетке қарсы шығып, екі жақ әуелі сөзге келіп, кейін қару қолданылған. Оқты азаматтық тұлға аңшы мылтығынан атқан.

Соңғы жаңалықтар