Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға: Тараптар шиеленісті бірлесіп шешпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қақтығыс салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәжікстан ұлттық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, шекарадағы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматы арасындағы шиеленіс 14 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 15:30 кезінде болған.

Қырғызстан тарапындағы азаматтың қару қолдануы салдарынан тәжікстандық көз жұмып, жарақаттанған екінші адам ауруханаға жеткізілген.

Сол күні Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон мен Қырғыстан президенті Сооранбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады «Ховар» ТҰАА.

Екі мемлекеттің басшылары тараптардың құзыретті органдарына адам өліміне әкеліп соқтырған оқиғаны жан-жақты тергеу, сондай-ақ келіссөздер арқылы оны шешу жөнінде нұсқаулар беруге келісті.

Бүгін Қырғызстан Республикасының вице-премьер-министрі Жениш Разаков пен ТР премьер министрінің орынбасары Азим Иброхимнің басшылығымен Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері қатысқан екіжақты келісімдер жасалды.

Кездесу барысында екі елдің ішкі істер министрлерінің басшылары Кашкар Джунушалиев пен Рамазон Рахимзода қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайды реттеу және шекара маңындағы аудандардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта аталған келісімді орындау мақсатындағы жұмыстар басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар