Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - Бүгін, 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында оқ атылды. Бұл жайында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Тосын оқиға Чек Баткен облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандары тұрғындары арасында 50 сотық Чек учаскесін пайдалану мәселесіне қатысты туындаған. Аталған учаске екі мемлекеттің де қарамағына кіретіндігі нақты белгіленбеген. Бірақ, осы уақытқа дейін оны қырғыз тарапы пайдаланып келген. Оқыс оқиға барысында Қырғыз тарапынан 30-40 адам және Тәжікстан тарапынан 30-40 адам бір-біріне тас ата бастап, соңында аңшы мылтығынан оқ атылған. Жанжалдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін Қырғызстанның және Тәжікстанның шекара кезекшілігі әуеге бірнеше мәрте ескерту оғын атуға мәжбүр болды.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі мәліметінше, оқыс жайт бірқатар уақытқа тынышталған. Екі республиканың шекаралас аумақтарының тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Алайда, Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мелекеттік комитеті Шекара әскерінің шекарашылары қырғыз шекарашыларына және Қырғызстан азаматтарына қарата минометпен тосыннан оқ жаудырды», - делінген таратылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал өте күрделі.

Тәжікстанның «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі де қырғыз елімен шекарада орын алған қақтығысқа қатысты ресми ақпарат таратты. Агенттік мәліметіне қарағанда, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Тәжікстан Республикасының аймағында жатқан 4 гектар жерді заңсыз иемденіп алған Қырғызстан азаматтары жанжалға себеп болған.

«Қырғыз Республикасының шекарашылары жанжалдың алдын алудың орнына оны арандатып, Тәжікстанның қарусыз азаматтарына қарата оқ атты. Соның салдарынан Тәжікстан Республикасының 1983 жылы дүниеге келген азаматы Фазлиддин Фозилов пен 1971 жылы дүниеге келген Айемиддин Шарипов ауыр оқ жарақатын алды. Тараптардың қабылдаған шараларының нәтижесінде жанжалдың одан ары ушуғына жол берілген жоқ. Тараптардың - Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекарашыларының, сонымен қатар екі тараптың да мемлекеттік билік органдарының арасында жағдайды толықтай тұрақтандыру үшін келіссөз жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді агенттіктен.



Соңғы жаңалықтар