Қырғыз тауларында көшкін жүрді: жол жабылып, электр желілері қирады

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстандағы Дыйкан – Кара-Кече тасжолында Кара-Кече тауында көшкін жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көшкін Кара-Кече өзенінің арнасын жауып, электр желілерін қиып кетті. Осы учаскедегі Дыкан – Кара-Кече тасжолын жауып тастады. Джумгал ауданының азаматтық қорғау комиссиясының шешімі бойынша жол осы учаскеден өту қаупіне байланысты уақытша жабылды» делінген хабарламада.

Оқиға орнында азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.

Кабар агенттігіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нарын облысының Дыкан – Кара-Кече тасжолында көшкін салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, таспен түскен жер массасының көлемі шамамен 900 мың шаршы метрді құрайды.



Соңғы жаңалықтар