Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты ақтады
2022 жылғы 28 маусым 21:15

Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты ақтады

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Сот барлық айыпталушыларды 2020 жылдың қазан айында тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады. Мұндай шешім бүгін ел астанасының Первомай аудандық сотында өткен отырыста шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап бәрін кінәлі деп тануды сұраған болатын. Президент аппаратының бұрығы басшысы Фарид Ниязов сот залында қамаудан босатылды. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев тәртіпті бұзғаны осы іс бойынша өткен үшін сот залынан шығарылды.

Айта кетсек, 2020 жылдың 5-6 қазанында ел астанасында Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау қорытындыларын бұрмалауға қарсы жаппай наразылық шерулері өткен болатын. Осыдан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, салдарынан азаматтар зардап шекті. Колониялардан бірқатар сотталған саясаткерлер шығарылды. Оның ішінде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та бар. Ол қылмыс серкесі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа жібергені үшін 11 жылға сотталған болатын. Кейін 2020 жылдың қазан айында жаппай тәртіпсіздіктер бойынша қылмыстық іс жүргізу аясында Алмазбек Атамбаев, президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов, МҰҚК бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаев, ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Курсан Асанов, белсенді Темірлан Сұлтанбеков және саясаткер Жениш Молдокматов ұсталды.


Ұқсас жаңалықтар
Бішкекте қазақ киносының күндері өтті
2022 жылғы 9 тамыз 17:13

Бішкекте қазақ киносының күндері өтті

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бішкекте қазақ киносының күндері өтті. Көрерменге Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық фильмдерді біздің елде көрсетуге әрқашан дайынбыз. Сіздердің фильмдеріңіз абыройлы халықаралық кинофестивальдерде жеңіске жеткенде де шынайы қуанамыз. Біз серіктестікке ашықпыз және жақын арада Қазақстанда қырғыз киносының күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Т. Өкеев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясының директоры Ақжол Бекболотов.

Қазақ киносының күндері аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы халықаралық бөлімінің басшысы Әсел Ырыс, режиссер Болат Қалымбетов, продюсер Диана Ашимова, актер Төлепберген Байсақалов және тағы басқа да делегация мүшелері Ш. Айтматов атындағы Кино үйінде болды. Онда Орталық қызметі таныстырылып, соңынан дөңгелек үстел өтті. Ал, кешке көрермен қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдарын көрсететін «Мұқағали» фильмін тамашалады. Еске сала кетейік, бұл фильм 25-ші «Қараңғы түндер» Таллин кинофестивалі экуменикалық қазылар алқасының сыйлығына ие болған.

«Соңғы жылдары Орталық Азиялық кино жайлы ақпараттың аздығы сезіледі. Бірақ біз, қырғыз кинематографистері өзбек, тәжік, түрікмен және қазақ киносын тамашалап, әріптестеріміздің жаңалықтарын біліп, бірлескен жобаларды ойластыруымыз керек. Бұл көрермендер үшін де маңызды», - дейді қырғыз режиссері Артык Суюндуков.

6 тамызда қазақстандық делегация қырғыз әріптестерімен бірге Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайында болды. Сол күні кешке Кино күндерінің жабылу салтанаты өтіп, Айжан Қасымбектің «От» фильмі көрсетілді. Киносүйер қауым картинаны жылы қабылдады және фильмде баяндалатын оқиға баршаға ортақ екенін атап өтті.

«Фильм шынайы өмір, қарапайым адамның қиын тағдыры туралы. Оқиға біздің халықтарымызға жақын. Ештеңеге қарамастан өмір сүруді, жақсы көруді жалғастыру керектігін баяндайды», - дейді басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов.

Айта кетсек, Бішкекте 5-6 тамызда өткен қазақ киносы күндерін еліміздің Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі кинематография департаменті ұйымдастырады.


Қырғызстанда сел жүріп, 2 көпір мен 20 га егістік алқабын шайып кетті
2022 жылғы 8 тамыз 17:57

Қырғызстанда сел жүріп, 2 көпір мен 20 га егістік алқабын шайып кетті

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бүгін Ыстықкөл ауданында жауын-шашынға байланысты сел тасқыны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бидай мен беде егілген 20 гектар алқапты су шайып кеткен.

Сондай-ақ, Балықшы-Ананьево-Каракол автожолының Сары-Қамыш ауылы тұсындағы 8-шақырымы су астында қалды, бірақ жол жабылмады.

Сонымен қатар, селден екі көпір мен арықтар шайылды.

Оқиға орнында ведомство қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.



Фото: kabar.kg

Қырғызстандағы Боом шатқалында сел жүрді
2022 жылғы 5 тамыз 22:38

Қырғызстандағы Боом шатқалында сел жүрді

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Боом шатқалындағы Бішкек-Нарын- Торугарт автожолының 136-шақырымында сағат 16:30-да көлемі шамамен 600 текше метр болатын сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, алдымен жолдың екі бағытында да көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды. Сағат 17:10-нан бастап Бішкек бағытындағы көлік қозғалысына рұқсат етілді.

«Сел тасқыны салдарын жою үшін оқиға орнына бір жүк тиегіш барды», - делінген хабарламада.

30 шілдеде Шу облысының Кемин ауданында Бішкек-Нарын-Торугарт тас жолында сел жүрген болатын. Сол кезде сел салдарынан теміржол шайылып кетіп, Бішкек-Балықшы бағытындағы пойыз қатынасы тоқтатылған еді.





Фото: kabar.kg


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT