Қырғыз шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратқа ресми түрде сұрау салынды. Біздің елшілік тарапынан оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықталғаннан кейін тиісті шаралар, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу және марқұмның денесін отанына алдыру жұмыстары жасалатын болады», -деді Айбек Смадияров.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекара және консулдық қызметтері тиісті шараларды жүргізуде.

Еске салсақ, Қырғызстан шекарасындағы атыстан бір адам мерт болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар