Қырғыз президенті Елбасын туған күнімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды kabar.kg.

«Бауырлас Қазақстанның табыстары, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруы мен халықаралық аренадағы абыройының артуы Сіздің көрегенді саясатыңыздың арқасы. Сіздің бай әрі кәсіби өмір жолыңыз Қазақстан халқының зор қолдауына ие болған көп қырлы әрі жемісті мемлекеттік саясатыңыздың берік негізі екені сөзсіз», - делінген Қырғыз басшысының құттықтауында.

Қырғыз президенті екі елдің теңқұқылық және өзара тиімді серіктестік қағидатына негізделген екі елдің достығы, тату көршілігі мен стратегиялық серіктестігі бұдан кейін де бауырлас екі елдің келешегі үшін берік бола түсетініне сенім білдірді.

Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, мемлекеттік саясатта табыстарға жетуді және Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. 

Соңғы жаңалықтар