+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қырғыз Президенті ауруханадан апта соңында шығуы мүмкін

2016 жылғы 28 қыркүйек 02:15
Бөлісіңіз:
Қырғыз Президенті ауруханадан апта соңында шығуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев апта соңында ауруханадан шығуы мүмкін.

Бұл туралы «РИА Жаңалықтары» қырғыз басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазіргі уақытта жүрек аритмиясымен байланысты түйіткіл толығымен жойылды. Дәрігерлер Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы анағұрлым жақсарғанын атап өтті. Олардың ұйғарымы бойынша, президенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, оны осы аптаның соңында шығаруы мүмкін», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, 2008 жылы болған улану оқиғасынан кейін президентке Түркияда ота жасалған. Дәрігерлер осы сырқатқа байланысты да медициналық алдын алу шараларын өткізді.

Еске салайық, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатысу үшін Бішкектен Нью-Йоркқа ұшып шыққан Атамбаев, өзін нашар сезініп, АҚШ-қа сапарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT