Қырғыз Президенті Астанаға ресми сапармен келді

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null null
Сапар аясында Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі екі елдің көшбасшылары кеңейтілген құрамда да келіссөздер өткізіп, онда екіжақты өзара іс-қимылдың және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтындығын хабарлаған болатын.
null 

Сапар қорытындысында бірқатар құжатқа қол қойылып, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.

Қырғызстан Президенті ресми сапары аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен де кездесуі жоспарланған.
null  

Соңғы жаңалықтар