Қырғыз парламентінің экс-депутаты сот алдында жауап беріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекуулыға қатысты соттың алдын ала тыңдалымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дамирбек Асылбекуулумен бірге сот алдында 11 адам жауап беруде.

 «Қырғыз депутаты Асылбекуулу Дамирбекпен бірге сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері - Жаппасов Есбол, Мұраділов Ұланбек, Абакиров Шыңғыс, Жаппасов Досбол, Қазақпай Мұхит, Нұрманов Мадияр,  Сәулембаев Санжар, Тыныбаева Мұхит, Қожамқұлов Данияр, Ауылбеков Нұрғали мен Байгелов Қуаныштың ісін қарап жатыр», - деді баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 35 адам ұсталды. Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Арасындағы үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбек. Кейін ол мандатынан айырылды. Сот санкциясымен 35 күдіктінің 33-і қамауға алынған еді.

Арнайы операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы  тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдау анықталған.

Дамирбек Асылбекуулумен бірге сот алдында 11 адам жауап беріп жатыр.

Олардың ішінде белгілі қазақстандық азамат Есбол Жаппасов та бар. Бұл да арнайы операция кезінде «Жаппасовтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде ұсталған болатын.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Есбол  «Жаппастықтар» деп аталған ҰҚТ басқарып келген. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы арасында Қордай учаскесінде контрабанда өткізумен  айналысқан.

«Жаппастықтар» Қырғызстаннан құс етін жеткізіп тұрса,  ол жаққа мұнай өнімдерін заңсыз өткізген. Сондай-ақ, шекарадан өткен әр жүргізушіден кем дегенде 80 мың теңгеден алып, заңсыз жолмен оңай олжаға кенеліп отырған.

Судья сот барысында экс-депутаттың Қырғызстан азаматы екенін растады.

Соңғы жаңалықтар