Қырғыз-өзбек әуе рейстерінің саны ұлғаймақ

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан мен Өзбекстанның әуе компаниялары екі ел арасындағы әуе рейстерінің саны мен ұшу жиілігін ұлғайтуға келісім жасасты, деп хабарлайды Кабар.

Агенттіктің жазуына қарағанда, қырғызстандық Air Manas мен Avia Traffic Compan компаниялары және Өзбекстанның «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық әуе ұйымы арасындағы келіссөздер 17-18 тамызда жүргізілген.

Тараптар Ташкент-Бішкек-Ташкент бағытында ұшақтарды аптасына төрт, ал  Ош-Ташкент-Ош әуе рейсін аптасына бір рет ұшыруға келісті.

Одан бөлек, Ташкент-Тамчы (Ыстықкөл)-Ташкент, Бішкек-Самарканд-Бішкек және Ош-Самарканд-Ош бағыттары бойынша чартерлік рейстер жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.

 

Соңғы жаңалықтар