USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

«Қырғыз нөмірлі» көлік 91 рет «Сергекке» түскен

2021 жылғы 18 қазан 12:01
Бөлісіңіз:
«Қырғыз нөмірлі» көлік 91 рет «Сергекке» түскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов шетелдік нөмірі бар көлік иелерінің жол ережесін бұзу көрсеткіштері туралы жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мас күйде рульге отырған 30-ға жуық жүргізуші ұсталды Елордада «пысық» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген Қазақстандағы барлық автоХҚО жұмысын қайта бастады

«Жүргізушілердің тәртібін арттыруда ереже бұзу оқиғаларын автоматты түркеу жүйесі елеулі рөл атқарып отыр. Бүгінгі таңда жол жүру ережесін бұзған жайттардың 40 пайызға жуығы осы жүйенің көмегімен анықталады. Жолдарда 13 мыңнан астам осындай камера орнатылған. Олар жылдамдық режимін арттыру, «стоп-сызық» пен «тұтас жолақты» кесіп өту, тыйым салынған белгіге өту, қоғамдық көліктің жолағына түсу сияқты заңсыздықтарды автоматты түрде тіркейді», - деді ол ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде.

Оның мәліметі бойынша, шетелдік нөмірі бар көлікпен жүргендердің және ереже бұзғандардың жеке басын жедел анықтау үшін сақтандыру деректерінің базасымен интеграцияланған жүйе құрылған. Соның көмегімен жыл басынан бері шетелден әкелінген көліктердің үстінен 460 мыңға жуық заңбұзушылық автоматты режимде анықталған.

«Бұл санаттағы жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне қатысты мәселе бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 182 мың теңгенің 25 ұйғарымы рәсімделген Lexus анықталды. Ішкі істер қызметкерлерінің араласуымен бүкіл айыппұл төленді. Қостанай облысында «ВАЗ» маркалы бір көлікке 478 мың теңгенің айыппұлы жазылған 51 ұйғарым рәсімделген. Тағы осы өңірде Қырғыз Республикасында тіркеуде тұрған Toyota Estimo көлігіне 91 рет жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 1,1 млн теңге айыппұл салынып, түгел өндірілді. Павлодар облысында Ресейде тіркеуі бар Hunday автомобилінің иесі 69 рет жол ежересін бұзып, 751 мың теңге айыппұл төледі», - деді ІІМ өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT