Қырғыз конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдум 11 сәуірге белгіленді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасына сәйкес биылғы жылдың 11 сәуірінде референдум өткізу ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін парламент заң жобасын бірден екінші және үшінші оқылымда мақұлдады.

Отырысқа 100 депутат қатысты, олардың 94-і «қолдаса», 6 депутат «қарсы» дауыс берді.

Айта кетейік, сондай-ақ 11 сәуірге жергілікті кенешке сайлау белгіленді.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасы Конституциясының жобасы 2020 жылдың 17 қарашасында Жогорку Кенештің ресми сайтында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған болатын. Президенттің міндетін атқарушы, Жогорку Кенештің төрағасы Талант Мамытовтың жарлығымен Конституциялық кеңес 2020 жылдың 20 қарашасында құрылды.

Жаңа Конституция жобасындағы басты айырмашылық президенттік басқару нысанына көшу, сондай-ақ, депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылып отыр.


Соңғы жаңалықтар