Қырғыз Конституциялық палатасы Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыруды заңды деді

None
None
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Конституциялық палатасы бүгін бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты жақтаушыларының заңға қайшы конституциялық емес заң нормасын мойындау туралы өтінішхатын қарап, Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап хабарлайды.

Судьялар жиналыс бөлмесінен шыққан соң шешімді жариялады.

Сот алқасы Қырғызстан Республикасы Конституциялық палатасы «Қырғызстан Республикасы Президентінің қызметіне кепілдік беру туралы» Заңға өзгеріс енгізу заңын қабылдау Қырғызстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтінін шешті.

Алайда Конституциялық палата президент акті арқылы экс-президентке берілген кепілдікті алып тастай алатынын конституцияға қайшы деп шешті.

Судья бұл шешімнің түпкілікті және шағымдануға жатпайтынын атап өтті.

Процесс судья Қарыбек Дүйшеевтің төрағалығымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, оған Эмиль Осконбаев, Чинара Айдарбекова, Мұқамбет Қасымәлиев, Жедігер Саалаев, Қуанбек Қырғызбаев, Айсалқын Нарынбеков, Чолпон Осмонова қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның Жогорку Кенеші Атамбаевты ерекше құқығынан айырды. Оған 4 бап бойынша айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар