Қырғыз-қазақ шекарасындағы көлік кептелісіне түсінік берілді

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kg-ға сілтеме жасап.

«5 маусымда «Ақ Тілек – автодорожный» бақылау-өткізу бекетінің алдында көлік құралдарының кептелісі байқалды. Бұл Қырғызстаннан басқа елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының маусымдық өсуімен байланысты. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тарапынан жүк тасымалдаушыларға шекаралық бақылаудан өтуге ешқандай шектеулер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Басқа бақылау бекеттерінде адамдар мен көліктердің шоғырлануы болмағаны атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар