Қырғыз елімен тауар айналымы 126 млн доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-ақпанда 126,3 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы екі айда елімізден Қырғызстанға экспорт 14,2 % - ға төмендеп, 72,6 млн доллар болған.

«Қырғызстанға экспорттың қысқаруы табиғи газ жеткізілімінің 84,7%-ға немесе 12 млн долларға төмендеуімен негізделеді. Сонымен қатар, өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын жеткізілімдерінің өсуі байқалады. Онда жөнелтілімдердің негізгі тауарлары - темекі өнімдері», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, есепті кезеңде Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 59,6%-ға өсіп, 53,7 млн долларға жетті. Мұны мұнай өнімдерін әкелудің ұлғаюымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ бағалы металдардың кені мен концентраттардың жеткізілімдеріндеөсім бар.


Соңғы жаңалықтар