Қырғыз экономисі: Жолдау - Қазақстанның экономикалық дамуының шағын стратегиясы

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы жоғары гуманитарлық құрамдас бөлігімен ерекшеленеді, деп атап өтті Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Кубатбек Рахимов. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлайды.

«Жолдаудық гуманитарлық құрамдас бөлігі ретінде мемлекет басшысы «адам», «азамат», «бизнес өкілдері» сөздерін жиі қолданған», - деп атап өтті  Кубатбек Рахимов.

Қырғызстан сарапшысы Жолдаудың экономикалық бағытына тоқтала отырып, Қазақстан Президентінің халықтың табысын өсіруге, яғни сұраныс экономикасына назар аударғанын атап өтті.

«Бұл жағдайда әлемдік дамудың парадигмасы осы: тұтынуды ұлғайтуға, экономика үшін мультипликативті тиімділікті қамтамасыз ететін секторларды несиелендіруге баса назар аударылады», - деді К.Рахимов.

«Бұл Жолдау Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының шағын стратегиясы деуге болады. Бауырлас Қырғызстан экономистері тарапынан, бұл - қуантарлық жағдай: көрші елдің әлеуетті табысы Қырғызстан экономикасының өсуіне тікелей ықпал етеді. Себебі, Қырғызстандағы көптеген кәсіпкерлер Қазақстанды әлеуетті өткізу нарығы ретінде қарастырады. Сонымен қатар, табыстың өсуі Қырғызстан өніміне деген сұранысты арттырып, еңбек ресурсын бөлудегі үйлеспеушілікті жоюға мүмкіндік береді. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері барлық көрші елдердің - РФ, ҚХР, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің экономикасында көрініс табады деп ойлаймын», - деді сарапшы. 

Соңғы жаңалықтар