Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Қырғыз депутатын қамау мерзімі 6 айға созылды

2018 жылғы 23 шілде 16:10 205
Бөлісіңіз:
Қырғыз депутатын қамау мерзімі 6 айға созылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы соты Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекұлын қамау мерзімін 6 айға созу туралы шешім шығарды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Дамирбек Асылбекұлына қатысты бұлтартпау шарасы туралы Алмалы аудандық сотының  санкциясы 15 тамызға дейін созылды», - деді баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 35 адам ұсталды.

Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Арасындағы үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбек.

 Кейін ол мандатынан айырылды. Сот санкциясымен 35 күдіктінің 33-і қамауға алынды. Арнайы операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы  тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдау анықталған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Сот, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT