+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қырғыз депутаттары Алмазбек Атамбаевқа бірқатар айып тақты

2019 жылғы 17 маусым 21:24
Бөлісіңіз:
Қырғыз депутаттары Алмазбек Атамбаевқа бірқатар айып тақты

БІШКЕК- НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жогоргу Кенештің депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру бастамасын көтеріп жүрген Жогоргу Кенештің депутаттары қандай фактілер бойынша бұрынғы Қырғыз президенттеріне айып таққысы келетіндерін айтты. Осы мәселе қаралған депутаттық комиссиясында тиісті хатты депутат Талант Мамытов оқыды.

Талант Мамытов өз сөзінде Атамбаев премьер-министр болған кезінде Ресейдің 123 азаматына қару бергенін, ол азаматтардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болғанын айтады.

Оның айтуынша, «ТНК Дастан» компаниясының жеке лауазымды тұлғаларының көмегімен ол Қой Таш ауылындағы жер учаскесін заңсыз иемденген. Сол жерде үй салған.

Депутаттар сонымен қатар қылмыс әлемінде абыройы бар Әзиз Батукаевты заңсыз босатып алғаны үшін Алмазбек Атамбаевқа айып таққалы отыр.

null

Сонымен қатар, Атамбаев премьер-министр кезінде үкіметтің қаулысымен Аламедин ауданы Бәйтік ауылындағы 35,65 гектар жерді коттедж қалашығын салу үшін ауыл шаруашылығы маңызындағы жерден тұрғылықты елдімекен санатына ауыстырған.

Атамбаевтың 2010-2018 жылғы Бірыңғай салықтық декларациясын зерттеу кезінде анықталғанындай, 2017 жылы декларацияда жалпы аумағы 54 млн сомдық С.Пахатидің кірісі бары анықталған. Яғни, 2017 жылы Пахати Атамбаевтан ОсОО НПФ «Форум»-ды алған. Депутаттардың болжауынша, аталған азамат ортақ үлестегі адам болып отыр.

Ыстықкөл аудандық әкімшілігі мен Чон-Сарой ауыл окмутының заңға қарсы әрекетінің салдарынан Чон-Сарыой ауылындағы жалпы аумағы 4,61 гектар жер аумағы мемлекет қажеттілігімен байланысы жоқ ОсОО «Фрунзе Резерт»-ке берілген. Кейін жер учаскесі екі бөлікке бөлініп, Алмазбек Атамбаевтың иелігіне берілген.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Бішкек ЖЭО жаңғыртыу бойынша жобаның даярлығы мен оған қол қою кезінде жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Депутаттардың айтуынша, Атамбаевтың мәлімдемесі сол қылмысқа қатысы барын дәлелдей түседі. Атап айтқанда, барлық саяси шешім, сондай-ақ, компанияны таңдау кезіндегі келісімнің бәрін Атамбаевтың өзі қабылдаған.

Депутаттар сол секілді бұрынғы Бас прокурор Аида Салянованың Алмазбек Атамбаев Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір тасылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жария еткенін еске салды.

Сондай-ақ, экс-президентке билікті озбырлықпен басып алды деген айып тағылуда. Депутаттардың пайымдауынша, ол ұйымдасқа қылмыстық топ құрып, билік органдарының жұмысына араласып отырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қырғызстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT