Қырғыз байқаушылары президент сайлауына жоғары баға берді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қырғыз елінен келген байқаушылардың пікірінше, 20 қараша - сайлау күні Алматыда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ОСК жанындағы Лейлек-Сулукту аймақтық сайлау комиссиясының арнайы өкілі Абдивали Хамраев, оның әріптесі Қырғыз Республикасы Бішкек АСК төрағасы Бахадыр Конуров және байқаушы Тілек Шығай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп есептейміз. Біз барған учаскелерде ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Біз ондаған учаскелік сайлау комиссиясын араладық. Бүкіл жағдайды учаскелік сайлау комиссиялары қадағалады. Комиссия мүшелерінің тәжірибесі мол, учаскелік сайлау комиссияларында сенім білдірілген адамдар, кандидаттар мен байқаушылар да болды», – деді Әбдівали Хамраев.

Байқаушы Тілек Шығай да әріптестерінің айтқанына қосылып, президент сайлауының нәтижелі өткенін айтты.

«Халықаралық байқаушылар және басқа да әріптес ретінде қатысып отырған елдердің арасында жоғары деңгей байқалады. Бұл - Қазақстанда сайлаудың қалай өтетінінің көрсеткіші болды деп ойлаймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар