Қырғыз азаматы Қазақстанға 95 мыңнан астам медициналық масканы заңсыз кіргізбек болған

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – «Чон-Капка-автожолы» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары 13 наурыз күні Қырғызстаннан Қазақстанға медициналық тауарларды заңсыз алып өтушінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, 1987 жылы туған қырғыз азаматы VOLVO FM12 маркалы көлігімен өткізу пунктіне тоқтаған. Көлікті тексеру барысында шекарашылар кептірілген жемістер салынған қапшықтардың астына жасырылған медициналық тауарларды (медициналық маскалар) тапқан. Ілеспе құжаты жоқ 95 600-ден астам медициналық маска табылған.

Табылған тауарлардың жалпы құны 1 400 000 сомнан асады. ҚР Үкіметінің 03.02.2020 жылғы №57 қаулысына сәйкес, Қырғызстан аумағынан дәрілік және медициналық заттарды шығаруға алты айға уақытша тыйым салынған.

Тиісті құжаттарды дайындағаннан кейін жүргізуші мен жүкті Қырғызстан Республикасының Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметіне әрі қарай тексеріс жүргізу үшін жіберді.


Соңғы жаңалықтар