Қырағылықты бір сәтке де жоғалтуға болмайды: Жеңіс Қасымбек су тасқыны жайлы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында күннің күрт жылынуының салдарынан су тасқыны қаупі күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қарамағындағы қызметкерлерді «босаңсымауға» шақырды және барлық тәуекелдерге алдын ала әрекет етуді талап етті.

«Бір сәтке де қырағылықты жоғалтуға болмайды. Арнайы жауынгерлік әзірлік режимі болуы керек. Қалалар мен аудандардың әкімдері су тасқынының өтуін бақылауды күшейтсін. Адамдарды уақтылы хабардар ету және тәуекелдер туындаған жағдайда қажетті шараларды қабылдау керек. Өзендерде кептелістерді болдырмау үшін мұзды бұзу бойынша іс-шараларды уақытында өткізу қажет. Автомобиль жолдарын су басу қаупі туындаған кезде жедел шаралар қабылдау, көлік қатынасын қамтамасыз ету керек», - деді облыс әкімі онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте.

Барлық ірі су қоймаларында тәулік бойы бақылау үшін уақытша бекеттер қойылуы

тиіс.


Облыстық ТЖД мәліметінше, 7-11 сәуір аралығында автожолдарда 15 су тасқыны оқиғасы орын алған. Нұра ауданында үш учаскеде қозғалыс тоқтатылды, олардың екеуі әлі де жабық күйінде қалып отыр.

«Темір жолдарды тасқын су шайып кету, тұрғын үйлерді, нысандарды су басу фактілері тіркелген жоқ. Нұра кентінде Құндызды өзеніндегі мұз кептелісі жойылды. Қорғаныс білігі нығайтылды. Нұра ауданында Қон өзені суының арнадан асуы мүмкін бөлігінде Нығман және ішінара Ақтүбек ауылдары қалады. Қорғаныс шаралары алдын ала жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Тұрғындарды қамтамасыз ету үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жасақталды», - деді ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Оның айтуынша, Нұра ауданында хабар-ошарсыз жоғалған ер адамды іздеу жалғасуда. Оның көлігі судан шығарылды.

«Байқадам» және «Миньковка» бөгеттерінің толып кету қаупі жойылды.

Өзендердің ұлғаюын ескере отырып, Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан

су ағызу жүзеге асырылады.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес өзендердегі су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін.

Осы аптада облыста ауа-райы 20-23 градусқа дейін жылынады деп күтілуде, ал айдың екінші жартысында синоптиктер жауын-шашын, кей жерлерде қар жауады деп болжап отыр.


Соңғы жаңалықтар