+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

«Қымбат жандар»: Жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

2020 жылғы 25 қыркүйек 12:01
Бөлісіңіз:
«Қымбат жандар»: Жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан жоғалған жандарды іздеуге арналған «Қымбат жандар» әлеуметтік тележобасы эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік төлемді рәсімдеуді ұсынатын алаяқтар пайда болды Атырауда бұрынғы тойхана тігін цехына айналды Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

Жобаның басты мақсаты - түрлі жағдайда жақындарын жоғалтқан кейіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, тиісті мекемелердің тікелей көмегімен хабар алуға қолұшын беру.

«Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды. Бұл - көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз - сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. «Қымбат жандар» - тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалғандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар», - дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.


Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе qymbat_jandar@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.

Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі күні сағат 12:00-де эфирге шығады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT