Қымбат тонды декларациялау қажет пе

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалпыхалықтық табыс декларациясына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұған дейін де айтылғандай, азаматтардың табысын декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары жаңа форматта декларация тапсыра бастайды. Бұл 2021 жылы басталады. Осылайша, кезең-кезеңмен бүкіл салық төлеушіні қамтитын болады», - деген комитет басшысы қымбат заттар мен мүліктерді декларациялау тәртібіне тоқталды.
«Егер иелігіңізде қымбат тон болса, оның сатуды жоспарласаңыз, міндетті түрде декларация тапсыруыңыз керек. Ал егер оны сатып, пайда табуды ойламасаңыз, яғни өзіңіз киетін болсаңыз, декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Бұл талап қымбат тоннан бөлек бағалы зергерлік бұйымдар мен мал-мүлікке де қатысты. Әзірге декларациялауға жататын заттардың шектік құны белгісіз. Бұл мәселені сарапшылармен ақылдасып жатырмыз», - деді Марат Сұлтанғазиев.
- Қаржы саласының бірқатар қызметкері марапатталды
- ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді
- Берешегі бар азаматтардың елден шығуына шектеу алына ма - ҰБ жауабы
- Қазақстандық экспорттаушылардың 2,2 млрд теңге шығыны өтеледі
-
Қаңтардан бастап кірісі төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады
-
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 16645,3 млн долларды құрады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам