Қымбат бутиктерден киім ұрлап, базарда сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер сауда үйлерінен қымбат киім ұрлады деген күдікпен жас ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында полиция ерлі-зайыптылардың күндізгі уақытта сауда-ойын-сауық орталығында болғанын және әйелдер мен ерлерге арналған қымбат киімді таңдағанын анықтады. Олар арнайы құралмен киімнің қорғаныс құрылғысын алып тастаған.


«Ұрланған киімді ерлі-зайыпты базар маңында арзан бағамен сатқан және кейбірін өздері киген. Қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Күдікті деп танылған 29 жастағы ер адам мен 26 жастағы оның әйелі ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық жасау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, елорда аумағындағы өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.


Соңғы жаңалықтар