Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында бас бостандығынан айыру орындарынан 1 мың 137 сотталғандар босатылды

None
None
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында бас бостандығынан айыру орындарынан 1 мың 137 сотталғандар босатылды.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев мәлім етті.

Айта кетейік, биылғы 18 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Заң қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға, қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп тудырмайтын қылмысты декриминализациялауға, оларды әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға, қылмыстың кейбір құрамы бойынша әкімшілік преюдиция енгізу және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатысты өзге де мәселелерді шешуге бағытталған.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, аталған заң бойынша республика аумағындағы 6 мың 54 адам қамтылып отыр. Бүгінде бас бостандығынан айыру орындарынан 1 мың 137 азамат босатылды. Оның ішінде 100-і - әйелдер. Атап айтқанда, 400-ге жуық сотталғанның жазаға кесілген мерзімі қысқартылды.

Соңғы жаңалықтар