Қылмыстық кодекстің іс жүзінде қолданылмайтын 485 бабына талдау жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың соңғы үш айында іс жүзінде жұмыс істемейтін Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстің 1 151 бабына талдау жүргізілді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізіп, іс жүзінде жұмыс істемейтін немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін барлық нормалардан арылу керектігін, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондықтан Әділет министрлігіне осы кодекстерді түзету жөніндегі өкілеттік берілді. Өз кезегінде Әділет министрлігінің жанынан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша жобалық кеңсе және ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», - деді Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, жобалық кеңсенің құрамына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сот, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері енген.

«Былтыр қазан айынан желтоқсан айының соңына дейін жобалық кеңсе осы кодекстердің қолданылу практикасы мен статистикалық деректерді ескере отырып, жұмыс істемейтін нормаларды, коллизияларды, олқылықтар мен сот төрелігіне кедергі келтіретін нормаларды анықтау үшін жалпы саны 1 151 бапқа талдау жүргізді. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің – 485, Қылмыстық-процестік кодекстің 666 бабына талдау жасалды», - деп тоқталды Алма Мұқанова.


Соңғы жаңалықтар