Қылмыстық кодексте кәсіпкерлерді қудалауға негіз болатын 118 бап бар – омбудсмен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір жылдың ішінде қылмыстық іске тартылып, сотталған кәсіпкерлердің саны 30 пайыз өскен. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов прокуратура органдарының кәсіпкерлермен кездесуінде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте бизнесті қылмыстық процеске тарту процесін бағалау Қылмыстық кодекстің 34 құрамы бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте кәсіпкерлердің қызметін қамтитын 84 бап бар. Сонда кодексте бизнеспен байланысты 118 бап бар деген сөз.

Мысалға коммерциялық ұйымдардағы «өкілеттігін теріс пайдалану» (250-бап), «жосықсыз құрылыс» (278-бап), «бөтен мүлікті иемдену» (189-бап) баптарын келтіруге болады.

Осы аталған 118 бап бойынша қылмыстық істер мен сотталған адамдардың саны жыл сайын өсіп отыр.

Мәселен, 2020 жылы 51,3 мың қылмыс және 3,9 мың сотталған адам тіркелсе, 2021 жылы 58,5 мың қылмыс және 5,1 мың сотталған адам тіркелді. Өсім тиісінше 14% және 30% болды», - деді Рустам Жүрсінов.

Оның пайымынша, аталған мәліметтер қылмыстық қудалау органдарының бизнеске қысымы артқанын көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар