Қылмыстық іске қатысты адамды жеткізу процедурасын нақтылау қажет - Шалабаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуратурасы Криминологиялық форум өткізді. Алқалы жиын барысында қылмыстық қудалау саласына құқық қорғау стандарттын енгізу және нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясының проректоры Серік Шалабаевтың айтуынша,  жыл басынан бері қамауға алуға қатысты оң өзгерістер күшіне енген. Адам құқықтарының қорғалуын күшейту үшін ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, кәмелетке толмағандарға 24 сағатқа дейін қысқартылған. Ал адамдарды 72 сағатқа ұстауға алу мерзімі тек күрделі істерге қатысты ғана сақталған. Сонымен қатар ол қылмыстық заңнамадағы кемшіліктерге де тоқталды.

«Мәселен, қылмыстық процеске қатысты адамдарды жеткізу үшін қылмыстық заңнамада бірнеше бап көрсетілген. Бірақ, оның қолдану тәртібі мүлдем түсініксіз.  Сол себептен бүгінгі форумда осы мәселені көтеріп отырмыз. Нақты айтар болсақ, бірнеше мың шақырымнан куәгерді, жәбірленушіні не  болмаса қылмыстық іске қатысты бар адамды жеткізу үшін сот тапсырма береді. Міне, заңнамада сол адамды жеткізу процедурасы көрсетілмеген. Оның қанша уақытта жететіндігі нақтыланбаған.  Соның салдарынан бүгінгі жағдайда  бұл заң өкінішке орай, бұзылып келеді», - деді Серік Шалабаев.

Дегенмен, академия проректоры қылмыстық қудалау саласындағы заңнаманы нығайтудың нәтижесінде қамауға алынған азаматтардың саны біршама азайған. Айталық, 2017 жылы 11 мыңнан астам адам қамауға алынса, осы жылдың 8 айында мұндай адамдардың саны небәрі 7 мыңнан асады.

Соңғы жаңалықтар