Қылмыстық-атқару жүйесінің меншігіндегі 211 ғимарат апатты жағдайда тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің меншігіндегі 1 694 ғимараттың 211-і апатты жағдайда тұр. Бұл мәселе «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамау үйлерін салу мүмкіндігі болмағандықтан, ол қамауға алу институтын одан әрі дамытуға кедергі болып отыр. Полицияның арнайы мекемелерінің 38%-да ұстау жағдайлары халықаралық стандарттардың ең төменгі талаптарына да сай келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесінің ғимараттары мен құрылыстарының техникалық жағдайы ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес емес. Бүгінде 1 694 ғимараттың 211-і апатты жағдайда тұр», - деп қазіргі жағдайдағы мәселе көтерілген тұжырымдамада.

Сонымен бірге, қолданыстағы полиция ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған. ІІМ мәліметіне сай, ел бойынша құқық қорғау органдарын тиесілі 225 объекті салу қажет.


Соңғы жаңалықтар