Қылмыстық‑атқару жүйесіне қызметке кіретін азаматтар арнайы тексеруден өтуге міндеттеледі

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 10‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Қылмыстық‑атқару жүйесіне қызметке кіретін азаматтар арнайы тексеруден өтуге  міндеттеледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық‑атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет вице‑министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасы бойынша  қылмыстық‑атқару жүйесінің қызметіне жұмысқа кіретін азаматтардың арнайы тексеруден өту міндеттері, осы жүйедегі қызметкерлердің сыныптылық біліктілігін иемденуге мүмкіндігі заңнамалық түрде айқындалады. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық бағынбауды ұйымдастыруға қатысты да өзгерістер енгізу көзделеді. Мәселен, бұл бағыттағы ұсынылып отырған түзетулер Ата заңымыздың 39‑бабының 1‑тармағының талаптарына сәйкес келеді. Бұған қоса, жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық‑атқару мекемелеріндегі тәртіпті сақтауға қойылатын талаптар қамтамасыз етіледі», деді Әділет вице‑министрі. Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау қылмыстық‑атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің қызмет нәтижелерін арттыруға мүмкіндік береді.   

Соңғы жаңалықтар