Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жоба келісім комиссиясында талқыланады

None
None
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылады.

 Ол бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы еліміздегі қылмыстық жазалауды орындау және қылмыстық-атқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсаты көзделіп отыр. Заң жобасы халықаралық актілер ережелерін ескере отырып, жазаны өтеу тәртібі мен жағдайларын одан әрі жетілдіруге, сотталғандарға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыруға бағытталады.

 Сондай-ақ құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамту шаралары көзделеді. Заң жобасында бір түзеу колониясының шегінде қатаң оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған учаскелерді құру жолымен әр түрлі режім түрінде сотталған адамдарды ұстау мүмкіндігі де қарастырылады. Бұдан басқа тергеу изоляторларында тиісті жергілікті учаскелерді құру жолымен қамау түріндегі қылмыстық жаза де енгізіледі. Сондай-ақ оны орындау шарттары мен тетігі жетілдіріле түседі.

Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістерді талқылау барысында оның бірқатарына қатысты өз ұстанымдарында қалатын болды. Осы себеппен қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылатын болды. Комиссия құрамына палата депутаттары сайланды.

Соңғы жаңалықтар