Қылмыскерлер кәсіпкердің 27 млн теңгесі мен дүние-мүлкін тартып алмақ болды - ҰҚК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың «М» деген кәсіпкерден 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 10 соттық жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинасын қорқытып алмақ болған заңға қайшы әрекетінің жолын кесті» делінген хабарламада.

Оқиға кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қаруды және сырт кескіні жауынгерлік қаруға ұқсас муляжды қолданып, кәсіпкердің отбасына қауіп төндірді.

Соңғы жаңалықтар