Қылмыс жасаған 3 шетелдік Жамбыл облысында жасырынып жүрген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Заңсыз көшіп-қонушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қылмыс жасаған 3 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір аптаға созылған рейд қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көші-қон қызметінің қызметкерлері 435 шетелдік азаматты, оның ішінде ТМД-ның 430 және алыс шет мемлекеттердің 5 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Олардың арасында 231 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандығы тіркелсе, 37 шетелдік азамат сот шешімімен Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін ҚР заңнамасын бұза отырып жұмысқа тартқаны үшін 13 дерек анықталып, іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды», - делінген Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаменті ҚР аумағында болуға рұқсат етілген мерзім өтіп кеткен жағдайда, шетелдіктер көші-қон қызметіне жүгініп, құқықтық мәртебелерін реттеуі қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар