Қылмыс 2,5 пайызға азайды – Ерлан Тұрғымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде елімізде қылмыс 2,5 пайызға азайды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5 пайызға азайды. Қарақшылық шабуыл – 7, тонау –22, бұзақылық 26 пайызға қысқарды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар төмендеді. Қылмысты ашу көрсеткіші жақсарды. Қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басты назар аударылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «жұртқа жақын полиция» жоспары іске асуда.

«Осы жұмыс аясында тұрғын үй айналасында, саябақтарда және скверлерде жаяу патрульдің саны көбейтілуде. Қалалардың аса криминогендік учаскелерінде заманауи полицияның модульдік бекеттері орнатылуда. Сол бекеттерде азаматтарды тәулік бойы қабылдап, қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ, «полицияны шақырту» дабыл жүйесі орнатылған. Арызданып келген азамат, тікелей кезекші бөлімге хабарласа алады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар