Қыдырәлі Болманов өмір жолы жайында кітап жазып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші, продюссер Қыдырәлі Болманов өзінің шығармашылық өмір жолы жайында кітап жазу үстінде. Бұл туралы бүгін ол «Ұлытау» тобының алдағы концертіне орай өткен брифингте мәлім етті.

«Бүгін, әсіресе «Ұлытаудың» жылдық мерейтойлық концерті алдында  еңбегімнің еш кетпегендігін сезініп отырмын. 20 жылдың ішінде мен әншілер мен жобалардың тұтас армиясын қалыптастырдым деп айта аламыз. Кейде мұның барлығына да қалай үлгергенімді түсінбеймін де», - деді ол.

Осы ретте ол өзінің шығармашылық жолы жайында кітап жазып жатқандығын атап өтті.

«Мен қазір кітап жазып жатырмын. Кейде бұралаң, кейде қиын, енді бірде тамаша жетістіктерге жол ашқан Америкадағы, Еуропадағы, Гран-придегі концерттерімізге көз жүгіртсем, Алла тағаланың біздің ұмтылысымызды елегені-ау деген ойға кетемін. Тіпті, біз Королева орденін де алдық», - дейді Қ.Болманов.

Айта кетейік, «Ұлытау» этно-рок тобы 6 шілдеде - елорда күнінде «Алау» мұз сарайында концерт өткізеді. Келушілер «Ұлытау» тобы, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың орындауындағы ерекше жарықтандырудың сүйемелдеуімен жаңа және ескі әндерді тыңдайды. Мерейтой иелерін шығармашылықтағы әріптестері мен достары да құттықтайды.

Соңғы жаңалықтар