Қыдырәлі Болманов «Балбала» батареясының артықшылықтарын айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қыдырәлі Болмановтың «Балбала» компаниясы тұңғыш батарея шығара бастады. Бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов тұңғыш отандық қуаттандырғыш туралы айтып берді.

Оның мәлімдегеніндей, «Балбала» батареясының бәсекелестерінен оқ бойы озық тұратындай бірнеше артықшылықтары бар. Көлемі әртүрлі батареяларды кез-келген электрондық құралға салуға болады.

«Біздің өнім нарықта несімен қызықты болады? Біріншіден, батарея құрамында кадмий мен сынап жоқ. Яғни, адам денсаулығына қауіп туғызбайды. Қуаттылығы қазіргі қолданыстағы батареялардан ондаған есе артық. 600+ деп көрсетіліп тұр. Екіншіден, отандық өнімнің бағасы екі есе арзан. Мысалы нарықта батареялардың 4 талы 700-800 теңге тұрса, «Балбала» батареясы 300 теңге тұратын болады», - деді Қыдырәлі Болманов.

Продюсердің айтуынша, өндіріс алаңы Қытайда орналасқан. Ал өнімнің неге шетелдің зауытта жасалып жатқанын әнші былай түсіндірді.

«Қытайда жасау бізге анағұрлым тиімді. Бірінші Қазақстанда зауытты салып алып, кейін өндірісті бастау, былайша айтқанда, ақымақтық болар еді. Ал, Қытайда зауыт та, өндіріс те, жұмыс күші де дайын әрі арзан. Небір әлемдік брендтер солай жасайды», - деді Қ.Болманов.

Соңғы жаңалықтар